Серікбай Трұмовтың айтуынша, бұл мақсатта кешенді жоспар жасақталып, саланы жетілдіру бағыттары айқындалған. 


«Былтыр өңірге 160 мыңнан астам турист келген. Ал биыл Маңғыстауға 200 мыңға жуық адам демалуға келеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкіметтің қолдауымен қаржы бөлініп, Ақтау қаласының іргесіндегі жылы жағажайды инфрақұрылыммен қамту жобаларын іске асырудың екінші кезеңі жалғасуда. Курорттық аймақты дамытудың 2-кезеңі аясында ірі компаниялар жаңа қонақ үйлер, гольф-клуб, отбасылық ойын-сауық саябағының құрылысын жүргізуде», - деді С.Трұмов.


Бұл жобаларға 180 млрд. теңгеден астам инвестиция тарту арқылы 1600-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Бүгінде ішкі туризмге елдің қызығушылығын және мемлекеттің қолдауын сезінген жергілікті кәсіпкерлер де «Жылы жағажай» аумағында инвестициялық жобаларын іске асыруда.