Ауыз судың негізгі көлемі тұтынушыға «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбыры арқылы және теңіз суын тұщыландыру арқылы келіп түседі. Мұның бәрі тұщы судың табиғи көздерінің аздығына байланысты. Өңір жаз айларында судың ерекше жетіспеушілігін сезінуде.


«Қазіргі уақытта Ақтау қаласында ауыз су мәселесі «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ның жөндеу жұмыстарына уақытша жабылуына байланысты туындады. Жөндеу жұмыстарын жақын арада аяқтау жоспарлануда. Бұл проблеманы кезең-кезеңімен шешу үшін ірі жобалар басталып, белсенді іске асырылуда. Мысалы, «Каспий» тұщыландыру зауытының қуатын тәулігіне 40 мың текше метрге дейін, яғни екі есе ұлғайтудың 2-ші кезеңі. Зауытты жаңғырту жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр», - деді Серікбай Трұмов.


Бұдан басқа, «ҚазМұнайГаз» ҰК тұщыландыру қабатты су зауытының құрылысын бастады. 


Жаңаөзен қаласын жеткілікті сумен қамтамасыз ету үшін Кендірлі курорттық аймағында және Құрық ауылында тәулігіне 50 мың текше метр тұщыландыру зауытын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС аумағында 24 мың текше метр суды тұщыландыру бойынша заманауи қондырғы салынады. Осындай кәсіпорынды Форт-Шевченко қаласында да құру көзделген.


Ал, елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту биыл 96,2%-ға жетеді. Ол үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 3 жоба іске асырылып, Ақжігіт, Басқұдық және Бекі ауылдарына су құбырлары тартылады.