5 айда 440 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2962 отбасы баспаналы болды. 


«Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолжетімді баспанамен қамту мақсатында 200 отбасыға тұрғын үй сертификаты беріледі. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1587 пәтер беріледі, оның ішінде 200 жуық көп балалы отбасыға табысталмақ. Бұдан бөлек, Жаңаөзен қаласын дамытудың Кешенді жоспары аясында жаңаөзендіктерге Ақтау қаласынан 100-ге жуық пәтер беріледі», - деді С. Трұмов. 


Бұған қоса, «Шаңырақ» пилоттық жобасы «5-10-20» бағдарламасымен 243 пәтер берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасының несиелік тұрғын үй бағыты бойынша 1282 пәтерге арналған 86 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. 


Ағымдағы жылы 1,2 млн. шаршы метр үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.