«Бұл мәселенің алдын алу үшін атқарылып жатқан жұмыстар. Биыл көктемде жауынның болмауына, ылғалдың аз болуына байланысты тағы да мәселе туындап отыр. Бүгінде арнайы штаб құрылып, министрлікпен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Менің орынбасарым бастаған топ, әр ауданның орынбасарлары көрші Ақтөбе облысынан жаңа шабындықтан өңірге шөп әкелу үшін меморандумдар жасасты. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен тағы қаражат бөліп, осы жұмыстарды үйлестіретін боламыз. Шөп өңірге жеткізілуде. Оның бағасын реттеу үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді», - деді аймақ басшысы.
Оның айтуынша, Азық-түлік корпорациясынан жем-шөп алу бойынша тиісті қаражат бөлінді, 15-20 маусымға дейін 10 вагон жем жеткізіліп, шаруашылықтарға жеңілдетілген бағамен ұсынылады.
Ресми мәліметтерге сәйкес, көктемде 1 мыңнан астам мал басы өлген. Бұл жағдайлар бойынша сараптамалық комиссия жұмыс істеуде, тиісті шешімдер қабылданады.