Ведомство басшысы бейнебақылау жүйелері құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде белсенді пайдаланылатынын атап өтті.


«Көшелер мен қиылыстарда, тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістерінде, сауда объектілерінде, көңіл көтеру орындарында 417 мың бейнекамералар ңске қосылған. 104 мың бейнесі жедел басқару орталықтарына шығарылған. Жыл басынан бері олардың көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылды», - деді Тұрғымбаев.


Сондай-ақ, техникалық жарақтандырудың арқасында 1 млн-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.