Оның айтуынша, бұған пандемия кезінде, оқшаулау жағдайында болуы және «онлайн» сабақтарда балалардың ұзақ уақыт мектепке бармауы ықпал етті.


«Қылмыстың себептері көбінесе отбасылық проблемалар, тұрмыстық тәртіпсіздік және ата-аналардың бейәлеуметтік қылықтары болып табылады. Қылмыстардың жартысына жуығы балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар болып табылады. Олардың басым бөлігін (78%) жақын адамдар, бұрын полицияның назарына түспеген туыстар жасайды. Мұндай қылмыстар жасырын сипатқа ие және көбінесе жария етілмейді», - деді Ерлан Тұрғымбаев.


Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар мен учаскелік инспекторлар оларды профилактикалық сабақтар, балалармен әңгімелесу және денсаулық сақтау және білім беру органдарымен өзара іс-қимыл барысында анықтайды.


«Бұған халық арасында кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізу, сондай-ақ қоғамда зорлық-зомбылыққа төзбеушілік сезімін қалыптастыру ықпал етеді. Нәтижесінде - өтініштер, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен өтініштер саны артты. Бұл ретте олардың басым бөлігі – өткен жылдары жасалған қылмыстар бойынша. Мұндай бірде-бір хабарлама, бірде-бір мәлімдеме ішкі істер органдарының назарынан тыс қалмайды», - деп сендірді министр.


Әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың ерекшелігін ескере отырып, мұндай істерді осы жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тек әйел тергеушілер ғана тергейді. Бұл жәбірленушілермен жақсы байланыс орнатуға және істің мән-жайын анықтауға мүмкіндік береді.


Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды жақсарту үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар штаты 484 бірлікке және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері 129 бірлікке ұлғайтылды. Мұндай лауазымдар әрбір қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде бар. Бұл неғұрлым жедел әрекет етуді, әйелдер мен балаларға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.