«Егер бұған дейін біз мемлекеттік тілде және басқа да тілдерде квоталар, гранттардың белгілі бір санын бөлсек, онда өткен жылы алғаш рет одан бас тарттық және биыл грант тағайындау нақты жинаған баллдарға байланысты болады. Себебі орыс тілінде де, ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де сұрақтардың мазмұны бірдей. Сондықтан бұл жерде талапкердің қанша балл жинағаны ғана ескеріледі, соған байланысты тиісті сертификат алады және білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады», - деп атап өтті БҒМ басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрақтарына берген жауабында.