Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. Ерлан Құтпанбаев заңсыз ағаш кесуден келтірілген зиянды өтеу туралы 441-ші қаулы бойынша олқылықтарға жол берілгенін айтты.


«Биыл өзгерістер енгіземіз, қысқа мерзімде бұл проблемалар басқа ағаштар бойынша жойылады. Негізінен қызыл кітапқа енген және сирек кездесетін ағаштарды кесу күшейтілді, ал басқаларында екінші бөлім бар. Бірақ орман қорына жататындар түгел кірмген. Мәселе Үкімет қаулысына өзгерістер енгізу бойынша пысықталуда», - деп сендірді спикер.


Бақылаушы органның құзыреті «Өсімдіктер әлемі туралы» Заңмен реттелетін болады. Өкілеттіктер орман шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекцияларына, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарына бекітілген.