ҚР Ұлттық экономика министрлігі жобалық басқару департаментінің директоры Илона Шварцкопф Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде Үкіметтің жобалық басқарудың заңнамалық негізін қалыптастыру бойынша жұмыс аяқталғанын жеткізді. Ұлттық экономика министрлігі уәкілетті орган болып белгіленді.


«Министрліктің негізгі міндеті – жобалық басқарудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және дамыту. Жүйе мемлекеттік басқарудың үш деңгейін қамтиды: жалпыұлттық басымдықтарды іске асыру арқылы Үкімет деңгейінде портфельдерді басқару; мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру арқылы мемлекеттік органдар деңгейінде бағдарламаларды басқару; жобаларды құру және қызметін ұйымдастыру арқылы жобалық командалар деңгейінде басқару. Жүйе жобалық басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде бірыңғай заңнамалық, нормативтік-құқықтық және әдіснамалық негізде жұмыс істейді, онда ұлттық даму жоспарының барлық жалпыұлттық басымдықтары бойынша жобалық командалар онлайн режимінде жұмыс істейді. Мемлекеттік органдар жұмысында жобалық тәсілді қолдану идеясы бірлескен коллаборацияға, әртүрлі мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық өкілдері, сарапшылар қоғамдастығы, белсенді азаматтар бір жобалық команда ретінде бірлесіп жұмыс істеген кезде кросс функционалды командаларды ұйымдастыруға бағытталған», - деп хабарлады спикер.


Сондықтан биыл қатысушылар санаттары кеңейтілді.