«Есеп комитеті өзінің функционалдық міндеттеріне байланысты жыл сайын бізге Үкіметтің есебі бойынша ескертулер береді және осы жылы бірқатар ескертулер берді. Біз оларды жинақтадық, Мәжілісте, Сенатта талқыладық, тиісті жол картасын жасап, біртіндеп іске асыратын боламыз»,– деп жауап берді спикер.


Сондай-ақ, ол өткен жылдардағы ескертулер мен ұсыныстар іс жүзінде жүзеге асырылғанын айтты.

Мысалы, Ұлттық қордан трансферттердің өсуіне қатысты ескерту болды.

«Өткен жыл өте қиын болды, тек Қазақстанда ғана емес, көптеген елдерде бюджет пен мемлекеттік қарыз тапшылығы өсті. Бізде мемлекеттік қарыз бен бюджет тапшылығын күшейтпей, Ұлттық қордан трансферттерді тартуға мүмкіндік болды. Бірте-бірте бұл жағдайды теңестіріп, мұнайдан түсетін табыстың көздерін табатын боламыз. Бірқатар ескертулер Қытай кедендік статистикасындағы сәйкессіздіктерге қатысты болды. Бірқатар объективті себептер бар. Ең алдымен, Қытай экспорты Қазақстан жағына әрқашан экспорт ретінде ресімделеді, оның басым бөлігі Қазақстан арқылы транзиттік жүк ретінде өтеді. Біздің импорттаушыларымыз транзиттік жүк ретінде рәсімдейді. Осыған байланысты статистикада қатты сәйкессіздік бар. Дегенмен, соңғы үш жылда олар үлкен жұмыс жасады. Қазір барлық ақпарат нақты уақыт режимінде алмасуда, сәйкессіздіктер 25% – ға қысқарды»,- деді министр.

Бюджеттің кіріс бөлігі және шығындарды оңтайландыру тұрғысынан әлі де жұмыс істеу керек.