Неліктен клиникалық зерттеулердің деректері әлі күнге дейін көпшілікке қол жетімді емес? Бұған объективті себептер бар. 


«Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты беделді рейтингтік журналдарға бірнеше мақала жолдады. Материалдарды жариялау шарттары бар, белгілі бір ақпарат журналдарға шыққанға дейін жарияланбауы керек. Негізгі ақпарат, қолдану жөніндегі нұсқаулық, тиімділік, қарсы көрсеткіштер мен көрсеткіштер бойынша позиция нұсқаулықта көрсетілген, халыққа жеткізілген, вакцинация жүргізу кезінде олар азаматтарға жеткізіледі. Клиникалық зерттеулердің егжей-тегжейлі параметрлері жақын арада жарияланады деп ойлаймын. Мұнда ешқандай құпия жоқ, бұл таза процедуралық процесс», - деді министр. Ол бірінші болып қазақстандық вакцина салдырғанын және өзін жақсы сезінетінін айтты. 


Ол QazVac – Қазақстанның үлкен жетістігі екенін атап өтті.