Ол пайдаланушылар үшін барынша ыңғайлы жүйе әзірленгенін атап өтті. Өтініш беру процесі консультанттар мен банк кеңселеріне бармауға мүмкіндік беретін онлайн режимде 4 қадам бойынша құрылған. 

«Отбасы құрамынан, балалар санынан, тіркелген жерінен, жылжымайтын мүліктің бар болуынан барлық деректі анықтау үшін барлық мемлекеттік қызметтермен интеграция іске қосылды. Осылайша,  өтінім беруге шамамен 3-5 минут жетеді», –деп атап өтті спикер.

Әрбір пайдаланушының жеке кабинетінде тағайындалған ұпайлар санын көруге болады. Барлық өтініш берушілердің тізімін көруге болады, олар қанша ұпай жинағаны мен келесі қадамдар сол жерде түсіндіріледі. Құжаттардың негізгі тізімінен басқа, пайдаланушы қанша күн қалғанын түсінуі үшін мерзімдер де көрсетіледі.