«Бүгінде көршілес елдерде аурудың ушығып жатқаны белгілі. Әсіресе, Ресей Федерациясында, Қырғызстанда. Соған байланысты шекарадағы шектеу шаралары сақталған. Адамдар жүретін жолдар жабық. Тек әуе қатынасына ғана рұқсат берілген. Оның ішінде эпидемиологиялық ахуалы жақсарған 14 мемлекетке ұшуға болады. Ұшып келген адамдардың барлығы ПТР тест нәтижесімен елімізге қабылданады. Егер ПТР тест болмаса, немесе адам ауру болса, ол елдеріне кейін қайтарылады», - деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният өз жауабында. 


ДСМ хабарлауынша, Сыртқы істер министрлігі коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау паспорттарын өзара тану мәселесін пысықтауда. Осылайша, қазірдің өзінде Қазақстан Венгриямен, Таиландпен және Моңғолиямен өзара түсіністікке қол жеткізді.