Оның айтуынша, бұл шаралардың барлығы Екібастұзды дамытудың кешенді жоспарының бөлігі болып табылады. Құжат Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленді. 


«Бұл өміршең құжат болуы керек, өйткені оны жасауға қала тұрғындары мен тәуелсіз мамандар белсенді қатысты. 1,5 мыңнан астам ұсыныс қабылданып, 100-ден астам сараптамалық сұхбат жүргізілді. Өткен демалыс күндері біз бизнес қоғамдастықпен, белсенділермен, қоғамшылдармен және қаланың табысты тұрғындарымен талқылау өткіздік. Жоспардың негізгі міндеттерінің бірі - көмір өндірудің төмендеу үрдісі мен инновациялық технологияларға көшу аясында Екібастұз экономикасының отын-энергетикалық кешенге тәуелділігін төмендету. Өңдеу үлесін ұлғайтатын боламыз, бұл ретте біз өзіміз үшін салымдардың арақатынасына – 1 бюджеттік теңгеге 10 теңге жеке инвестицияға шығу міндетін қойып отырмыз», - деді Сқақов. 


Айта кетейік, кешенді жоспарда тұрғын үй, ТКШ, жұмыспен қамту мәселелерін де шешу көзделген. 5 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда, өткен аптада да осынша тұрғын үй тапсырылды. Кезекте тұрғандар пәтер алды. Тұрғын үй құрылысы саласында да жеке инвестициялар болады деп күтілуде.