«Заманауи, барлық стандарттарға сай келетін маңызды зауыт. Өнімдер ел ішінде де, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие. Кеше ғана 5 жылға офтейк-келісімшартқа қол қойылды. «Қазақстан темір жолы» бұл кәсіпорынға тапсырыс берді. Өнім ішкі нарыққа жеткізіледі деп айта аламыз. Мәселелер шешілді», - деп жауап берді Әбілқайыр Сқақов.