«Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 трлн 15 млрд теңгені құрады, жалпы 2021 жылға болжам 3,8 трлн теңге болады деп күтілуде. 5 айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,2 трлн теңгені құрады. Облыстың республиканың өнеркәсібіндегі үлес салмағы – 22,7%. 

Сондай-ақ, жетекші мұнай-газ саласында 19,5 млн тонна мұнай және 10,2 млрд текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді. Биыл Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 837 млрд теңге болатын 5 жобаны жүзеге асырып, 560 жұмыс орнын ашу көзделген», - деді М.Досмұхамбетов.