Блогердің жарияланымы ең ірі жобаның құрылыс сапасын қызу талқылауға себеп болды. Ол қопарылып қалған сылақ астынан декоративті толтырғыш ретінде пенопласт көрініп тұрған фотосуретті жариялаған. Фотосуреттің авторы құрылысты келеке етіп, өз пікірін жазған.  


«Бұл Керуен сарайдың ұзындығы бір шақырымға жуық. Онда күн сайын баратынмын: барлығы темірбетоннан, арматурадан жасалған. Бұл ауданның сейсмикалық жағдайы біршама болғанына қарамастан, бәрі артығымен салынған. Әрине, әр түрлі әрлеу материалдары қолданылады. Бәрі көріп, Керуен сарай толықтай осы материалдан салынған деп ойлағандары қарапайым материал. Егер оның (фотосурет авторы) құрылыста түсінігі босла, ол бұлай жазбас еді. Мен кейбір пікірлерді оқыдым, адамдар «білмей, қалай айтасыздар?» деп жазған. «Sembol» компаниясы - әлемдік компания, ол өз беделін өте жоғары бағалайды. Әрине, мен бұлай боғланын қаламаймын, бірақ олар мұндай әрекет үшін жауапқа тартуды талап етуі мүмкін, себебі олардың беделіне нұқсан келтірілді. Шын мәнінде, бұл пенопласт барлық жерде қабырға материалы ретінде қолданылады. Шымкентте барлық үйлерде қасбеттік материалдар бар, Түркістанда да салынып жатыр... ол өте арзан, тиімді қабырға материалы», - деді аймақ басшысы.