Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесінің бір көрінісі ретінде ашылған 29 әлеуметтік дүкенді айтуға болады. Ағымдағы жылы тағы да осындай қосымша 12 сауда орнын іске қосу жоспарлануда.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылып жатқан «Алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобасының мақсаты азық-түлік бағасын жоғарылатпау. Оны кем дегенде 10-20 пайызға төмендету. Осы бағытта жұмыстар атқарылды. Үлкен 4 сауда орталығымен кәсіпкерлер, шаруашылықтар жеке келісімшарт жасалды. оларға өнімдерсіз делдалдарсыз тікелей жеткізілуде. Нәтиже бар. Бүгінде 29 әлеуметтік дүкен ашылды. Оның 15-і Таразда орналасқан. Мақсатымыз 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын көтермеу», - деді Б.Сапарбаев. 


Аймақ басшысы әлеуметтік дүкендерге көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың мүшелері жұмысқа орналастырылғанын жеткізді.