Елордалық мәдениет басқармасы басшысының мәліметінше, көрермендер мен театр сыншыларының назарына Өзбек ұлттық академиялық драма театры мен Б. Кыдыкеева атындағы Қырғыз мемлекеттік жастар театры, Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры үздік қойылымдарын ұсынады. Горький атындағы мемлекеттік академиялық драма театры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан ән-би ансамблі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар театры, «Astana Musical» мемлекеттік театры және Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры бар. 


«Елорда - өнер өлкесі» шығармашылық кездесуінің сарапшылар алқасының құрамына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты Жуасбек Еркінин, Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің президенті, театр сыншысы, өнертану кандидаты Анар Еркебай, театртанушы, өнертану кандидаты Бақыт Нұрпейіс, театртанушы Айзат Қадырәлиева, сыншы Гүлнар Әбікеева, театртанушы Мирас Әбіл енді.