«Бизнестің жол картасы» аясында қазірдің өзінде шағын және орта бизнестің 1024 жобасы қолдау табуда, биыл қаржыландыру көлемі 9 млрд теңгеден асады. Қарапайым заттар экономикасы аясында 12,7 млрд теңге несие сомасына 14 жоба мақұлданды. «Еңбек» бағдарламасы аясында 1,2 млрд теңгеге 227 жоба мақұлданды. Жыл соңына дейін шағын және орта бизнестің 3,3 мың субъектісін мемлекеттік қолдау шараларымен қамту жоспарланған», - деді О.Оразалин.
Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі бүгінде шамамен 24%-ды құрайды. Бес айдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп жатқан субъектілердің саны өткен жылмен салыстырғанда 5,1%-ға өсім көрсетіп, 63 мыңды құрады. Жыл соңына дейін экономикадағы ШОБ үлесін 25%-ға дейін жеткізу көзделген.