«2021 жылы Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы арасындағы автокөлік жолын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Ақтөбе-Қандыағаш» учаскесін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Ақтөбе - Орск, Ақтөбенің Оңтүстік айналма жолы, Қобда - Мәртөк учаскелерін қалпына келтіру және күрделі жөндеу сияқты ірі жобаларды аяқтау жоспарлануда. Қалалық тасымалдау жұмыстарына келетін болсақ, мұнда электронды төлем жүйесі мен жолақының дифференцияланған түрі енгізіліп, 250 қалалық маршруттық автобустарда валидаторлар орнатылды. Облыстық автобус бағытындағы 10 тасымалдаушының шығынын субсидиялауға 96 млн теңгеден астам қаражат бөлінді», - деді әкім. 


Сондай-ақ, теміржол тасымалы саласында биыл әлеуметтік маңызы бар «Ақтөбе-Шалқар» ауданаралық байланысын субсидиялауға 324 млн теңге бөлінді.