«Біз өз тарапымыздан нарыққа бензин мен дизельді жеткілікті көлемде жеткізіп жатырмыз. Ешқандай тапшылық болмауы үшін барлық шаралар қабылдануда. Біріншіден, жыл басынан бері экспорт тоқтатылды, екіншіден, сәуір айынан бастап, жанар-жағармайды автокөлікпен шығару тоқтатылды. Сонымен қатар, мұнай өңдеу зауыттарын жөндеуді жалғастырып, қорларды ұлғайттық. Бұл шаралар нәтижесін берді деп ойлаймыз», - деді вице-министр.