«Зардап шеккен салалардағы ШОБ үшін еңбекақы қорынан салық төлеу кейінге қалдырылды. Бұл шара 2021 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдесіне дейін қолданылады. Салықтық және кедендік қарыздарды мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары тоқтатылды. Бұл шара 13,2 млрд теңге қарызы бар 8,6 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісін қамтыды», - деді ҚР Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.  
 

Мұнымен қоса, қолға алынған шаралар шеңберінде акцизделетін тауарлар мен ЕАЭО елдеріне импортталатын және шығарылатын тауарлардың ілеспе шот-фактураларын тіркеу бойынша пилоттық жобалардың мерзімі 2021 жылдың 1 қазанына дейін, ал басқа тауарлар үшін - 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды. Сондай-ақ, келесі жылдың 1 қаңтарында ҚҚС төлемейтіндерге электронды шот-фактуралар беру міндеттемесі кейінге қалдырылды.