«Ұлттық спорт түрлерінің тізімі бекітілді. Алдағы уақытта «қазақ күресі», «асық ату» және «тоғызқұмалақ» спорт түрлерін мектеп бағдарламасына енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 4-17 жастағы балаларға спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік беріліп отыр. Ережелерге сәйкес, тізімге 70-тен астам спорт түрі енді», - деді спикер.