«Бұл мәселе күн тәртібінде жоқ. Кеше Ведомствоаралық комиссия отырысында Нұр-Сұлтан қаласында енгізілетін нақты шектеу шаралары қабылданды. Оның бәрі алдын ала шаралар деп айтуға толық негіз бар. Бұл қызмет көрсету саласына, адамдар көп жиналатын орындарға, сауда орталықтарына қатысты шектеулер. Бұл жұмыстар жалғасын табады. Одан әрі шешім эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданатын болады», - деді Е.Тоғжанов өз жауабында.