Бір нәрсені немесе басқа вакциналарды күтудің қажеті жоқ. Қазақстан Республикасында айналымға жіберілген барлық вакциналардың қауіпсіз, тиімді әрі тексерілгені түсінулеріңіз өте маңызды. Шамамен 2,9 млн адам осы вакциналармен егілді. Тиімділігі жақсы. 


«Қазақстанның әрбір жетінші азаматы егілді. Бұл үлкен жетістік. Өзіңізді қорғау үшін отбасын міндетті түрде егу керек. Қазақстанның әрбір өңірінде қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Вакцинация біз қалаған қарқынмен жүрмесе де, адамдар келіп жатыр. Күн сайын 90 мың – 100 мың адам бірінші немесе екінші дозаны алады. Біз азаматтардың вакцина алып, оның ешқандай жанама әсерлері жоқ екенін көріп, өз туыстары мен жақындарын вакцинацияға апаратынын көріп жүрміз. Бизнес ынталандырудың қосымша әдістерін жүргізеді - әр түрлі ұтыс ойындары. Еліміздің әрбір азаматына түсіндіру жолында барлық әдістер жақсы. Пандемиядан шығудың басқа амалы жоқ, ешкімнің де қамауда отырғысы келмейді. Соны ұғынуымыз керек», - деді елдің бас дәрігері қазақстандықтарға.