«Кәсіпкерлік белсенділік те артты. Инвестиция көлемі соңғы үш жылда 1,9 есеге өсіп, 214 млрд теңгеден биыл 400 млрд теңгеге жеткізілмек. Үш жыл бұрын өнеркәсіп өнім көлемі 425 млрд теңге болса, жыл соңында 710 млрд.теңге болады деп күтілуде. Үш жыл бұрын 400 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, биыл 1 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Нәтижесінде салық базасы өсіп, жергілікті бюджетке түсімдер 57 млрд теңгеден 150 млрд теңгеге жетті», - деді әкім.  


Қала басшысы жалпы үш жылдық инвестиция 1,2 трлн теңгеден асқанын атап өтті. Сондай-ақ, экономика өсімі инфрақұрылымға қарқын берді. Соңғы үш жылда, биылды қосып есептесек, 853,5 шақырым жол төселеді. Бұрын мұндай көлемдегі жол 10 жылда салынға. 18 тұрғын алабы ауыз суға қосылып, 60 мың адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Аталған кезеңде 7 тұрғын алабы табиғи газға қосылды. Жалпы, 2023 жылға дейін халық сапалы ауыз сумен және табиғи газбен, ал 2025 жылға дейін сапалы электр қуатына 100 пайыз қосылады.