«Олардың бірі – заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені, екіншісі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Қазір екі агроөндіріс аймағының да жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Алдағы айда құжаттамасы сараптамадан шыққан соң құрылыс жұмысы басталады. Жалпы бүгінде агроөнімдерді өңдеуге басымдық берілуде. Осы жылы ауыл шаруашылығында жалпы құны 24 млрд теңгені құрайтын 32 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Есепті кезеңде 9,3 млрд.теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға артты. Салаға бағытталған экспорт көлемі 39 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 10% артық» - деді қала басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.