«Президенттің инвесторлар пулын жасақтау тапсырмасы бойынша, құны 2,5 трлн теңгені құрайтын 261 инвестициялық жобаның базасы әзірленді. Оның ішінде, биылғы жылы 171,6 млрд теңгеге 2 500 жаңа жұмыс орнымен 68 жобаның іске асырылу жоспарланды», - деді Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 


Спикердің айтуынша, биыл құрылыс саласында да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілмек.  


«Мемлекет басшысы баспана мәселесін азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатымен тікелей байланысты екенін атап өткен болатын. Биыл өзімізге 1 млн шаршы метр тұрғын үй саламыз деп міндет алдық. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1,5 есеге артық» - дейді Шымкент әкім


Қазіргі таңда Шымкентте жеке салушылар есебінен 8639 пәтерлі 178 көпқабатты тұрғын үй, бюджет есебінен 5512 пәтерлі 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. 
Құрылыс жұмыстары алғашқы 5 айда 28 млрд теңгегені құрады.