«Тиісті жұмыстар биыл да жалғасын табады. Әрбір ауылға арналған әр жоба нақты бақылауда болады. Аталған жоба аясында инфрақұрылымды жөндеу, тарту, әлеуметтік нысандар салу мақсатында 2025 жылға дейін 800 млрд теңге бағытталады. Осы жобалар арқылы әрбір ауылды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі шешіледі. Сондай-ақ, кең жолақты интернет желісімен толықтай қамтылады. Жергілікті жолдардың 95% салынып, жөнделеді», - деді министр.