Жыл басынан бері Алматыда 40,5 шақырым сумен жабдықтау және 12,5 шақырым кәріз желілерін тарту жұмыстары жүргізілді. 75 мыңнан астам тұрғындар тұратын 17 шағын ауданда коммуникациялар құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 170 км су құбыры және 140 км кәріз желілерінің құрылысы жоспарланған. 


«Наурызбай ауданында «Қарғалы» су қабылдау және сүзу станциясының құрылысы жүріп жатыр. Ақсай өзенінде осыған ұқсас нысанды жобалау аяқталуға жақын. Осы стратегиялық нысандар пайдалануға берілгенде 130 мыңнан астам тұрғындар таза ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етіледі. Жыл соңына дейін 600 көшеледе жарық орнату міндеті қойылды. Қазіргі кезде 508 көшеде жұмыс аяқталды. Нәтижесінде қала көшелері 100% жарықтандырылады. Алматының 49 көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді, 41 көшеде жұмыс жалғасуда. Биылғы жылы ұзындығы 227,5 км болатын 225 көшені жөндеу жоспарланған. Қалада «Жаңа Алматының» сегіз шағын ауданында жаңа жолдар салынуда. Жалпы ұзындығы 108 км болатын 415 көше асфальтталады. Абай даңғылын, Нұрлы және Саин көшелерін тесу, үш жол айрығын салу жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін Алматыда метроның «Сарыарқа» және «Достық» деп аталатын екі бекетінің құрылысы аяқталады», - деді Сағынтаев жоспарлармен бөлісе отырып.  


Бүгінде дамудың кешенді жоспары аясында қала шетінде көлік, бизнес және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бойынша 286 жоба жүзеге асырылуда.