«2030 жылға дейін 1283 жаңа балық өсіру шаруашылығы құрылады және жұмыс істеп тұрған 288 шаруашылықты өсіру көлемі ұлғайтылады. Жобалар әр өңірдің ерекшеліктеріне қарай бөлінді және жергілікті атқарушы органдар бекіткен балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларында көрсетілді. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін 10 жыл ішінде 340 млрд теңге жеке инвестициялар тарту және мемлекеттік бюджеттен шамамен 200 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр», - деді спикер. 


Оның айуынша, 2021 жылы жұмыс істеп тұрған балық өсіру шаруашылықтары есебінен 12,8 мың тонна балық өсіру күтілуде. Жыл басынан бері 7,6 мың тонна тауарлы балық өсірілді.