«Осы кампанияның мақсаты – Қазақстан Республикасының аумағында құжатсыз, немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты негізінде тұратын адамдар ішкі істер органына жүгінуге құқылы екенін қоғамға жеткізу.  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес олардың құқықтық мәртебесі анықталатын болады және тиісті құжаттар ресімделеді. 
Құрылған тәжірибеге сәйкес құжаттанбаған адамдар, бұл көбінесе, ТМД елдерінің біреуінен жарамсыз паспорттармен елге келген, немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорт иелері. Сондықтан олар өздерінің заңды құқықтарын жүзеге асыруда шектеулі болды - жәрдемақы ресімдей алмады, денсаулық қызметтерін ала алмайды, білім және т.б..  
 Сонымен қатар, Көші-қон қызметі комитеті Адам құқықтарының заңдылығын сақтау жөніндегі Қазақстандық бюросымен бірге еліміздің барлық аумақтарында Полиция департаменттерінің, жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдермен және БАҚ ұйымдастыру- методикалық кездесулер өткізді», - деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов. 


Аталған акция 2022 жылдың мамыр айына дейін жалғасады. Сондықтан, егер құжаттарсыз тұрсаңыз, оны жоғалтып алсаңыз немесе жеке куәлік алу қажет болса, көші-қон қызметіне хабарласу керек.