Ол сондай-ақ тағы бір ерекшелігін атап өтті: балалар коронавирустың дельта штаммын 5 есе жиі жұқтыра бастады, бірақ оның балаларда қаншалықты агрессивті екендігі белгісіз. Ересектер арасында әлі егілмеген адамдардың дельта нұсқасына өте сезімтал келеді. 


«Қайталап айтамын, вакцина дельта мен коронавирустың басқа нұсқаларына қарсы жалғыз тиімді құрал болып қала береді. Вакцинаның бірінші дозасы 17% нашар қорғайды, бірақ екінші дозаны алғаннан кейін дельтаға қарсы тиімділігі қалпына келеді. Дельта нұсқасынан туындаған індеттің қазіргі толқыны вакцина салдырғандар мен COVID-19 инфекциясы мен өлім қаупі тұрғысынан вакцинацияланбаған адамдар арасындағы алшақтықты арттыра түсті. Адамдардың бұл санаттары екі түрлі әлемде өмір сүреді. Егілгендер ағзаның иммундық жүйесі дельта нұсқасынан едәуір қорғайды деп сенетін босла, вакцина алмағандар пандемия дамуының ең қауіпті кезеңі өтіп жатқанын, инфекция жұқтыру және өлім қаупі жоғары екенін түсінуі керек. Бүгінгі таңда адамзат пандемиямен күресте ойлап тапқан жалғыз құрал - вакцинация. Естеріңізде болсын, әзірге біз, ӨЖЖ немесе антикоагулянттар мен қабынуға қарсы дәрі – дәрмекпен тек COVID-19 салдарын ғана емдеп жатырмыз», - деді профессор. 


Ол сонымен қатар Осло университетінің зерттеу мәліметтерін келтірді. Әлемде вакцинаның 3 млрд астам дозасы пайдаланылды, яғни 100 адамға шамамен 39 дозадан. Негізінен АҚШ, Еуропа елдерінде, Израильде халықтың көп бөлігі вакцинациямен қамтылды, әлемнің көптеген басқа аймақтарында вакцинация қарқыны едәуір артта қалды. Қазақстанда халықтың кемінде 17% - ы вакцинаның 1-ші дозасын, 10%-ы екеуін де алған. 


«Халықтың 80% - дан астамы мүлде вакцинацияланбаған жағдайды мен айсбергке қарай жүзіп бара жатқан кемемен салыстырамын. Сонымен бірге, кеме - бұл біздің қалыпты өмірге оралуымыз, айсберг - егілмеген адамдар массасы, ал локдаун, карантин, маска тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты індетке қарсы шаралар - бұл тежеу механизмдері, кеменің қауіпті айсбергке жақындауын бәсеңдету. Вакцинация - бұл айсбергтің еруін тездететін нәрсе: біз қаншалықты тез вакцина салдырсақ, айсберг соғұрлым тез ериді деп үміттенеміз», - деді сарапшы.