«Спутник V» вакцинасын өндіруші тарапынан осылай айтылды. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде біз Қазақстанда қолданылып жатқан 4 вакцинаның қайсысы болмасын оның тиімілігінің бір көрсеткіші – ол ағзаға түскенде пайда болатын антиденеердің вирусты бейтараптандыруға күші болатынын айтамыз. Сондай-ақ, ол індетті жұқтыру қабілетін төмендетеді. Осыған байланысты «Спутник V» вакцинасының вирусты бейтараптандыру көрсеткішінің 2,6 есеге төмендеуіне қарамастан, оның тиімділігі жоғары болып қалады. Вакцинаның тиімділігі 92-ден 90%-ке дейін ғана кеміді. 90% өте жоғары көрсеткіштер санатына жатады», - деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының  орынбасары Айнагүл Қуатбаева өз жауабында. 


Спикер Қазақстан аумағында қолданылып жатқан 4 вакцина да жер шарында циркуляцияда жүрген КВИ нұсқаларына, оның ішінде «үнді» штаммына төтеп бере алатынын атап өтті.