«Тұрғын үйді пайдалануға беру өткен жылы 72% артса, қазіргі кезде де өсім бар. Бұл мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы мен инвестицияларға қолайлы жағдай жасаудың нәтижесі. Өткен жылы 3 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылса, биыл 3,2 млн ш.м іске қосылмақ. Құрылыс жұмыстарында өткен жылы өсім 10% болса, биылғы  жарты жылдық көрсеткіштерде де оң өзгерістер бар. Инвестиция тарту – басым бағыттардың бірі. Өткен жылы рекордтық түрде 1,1 трлн теңге қаржы тартылса, биыл жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өсім 30% құрады. Өндіріс көлемі де артуда», - деді елорда әкімі. 


Сонымен қатар, оның айтуынша, пандемия кезіндегі қиындықтарға қарамастан, орта және шағын бизнес саны азайған жоқ. Бүгінде қалада 152 мың ШОБ субъектісі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7% артық.