«10 жылдан астам уақыттан бері салынып жатқан ЖЭО-3 құрылысы аяқталады. Осы 1,5 жыл ішінде газдандыруды ескере отырып, жобаны түзетіп алдық. Жоба дайын, сараптамадан шықты. Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет қаражат бөлді, қазір жұмыс жүріп жатыр. Келесі жылыту маусымында ЖЭО-3 іске қосуымыз керек және қала қосымша 420 Гкал жылу алады. Газдандырудың арқасында жергілікті газ қазандықтарын салу туралы шешім қабылданды. Биылғы жылы қосымша екі жергілікті газ қазандығының құрылысы басталады, олар тапшылықты болуы мүмкін жерлерді және жаңа құрылыс ауданын жылумен қамтамасыз ететін болады. Әрбір газ қазандығы 360 Гкал жылуды қамтамасыз етеді, яғни келесі жылы жылу беру маусымына осы нысандарды тапсыруды жоспарлап отырмыз, олар 1 мың Гкал жылу береді», - деп сендірді қала басшысы. 


Ол сондай-ақ «Арай» қосымша қосалқы станциясы салынып жатқанын жеткізді. Жазда, жеке сектордың тұрғындары көкөніс бақтарын суара бастағанда, суға деген сұраныс артып, су қысымы төмендейді. Сондықтан НФС-3 сорғы-фильтр станциясы жобаланды. Жоба дайын, жақын арада конкурс жарияланады. Нәтижесінде қалаға тәулігіне 100 мың текше метр су жеткізіледі. Сонымен қатар кәріз-тазарту құрылыстарының жобасы дайындалуда. Қазіргі желілер жаңбыр жауған кезде жүктемені көтере алмайды және қуат шегінде жұмыс істейді.