«Жер қойнауын пайдалану құқығын алу электрондық форматқа ауыстырылды. Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске қажетті өзгерістер енгізіліп, осы күнге дейін 2 электрондық аукцион ұйымдастырылды. Нәтижесінде 15 учаске өткізіліп, қол қою бонусының жиынтық сомасы 10,8 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, 2020 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар 17,1 млрд теңгеге ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландырды», - деді министр.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2020 жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, ғылым мен технологияларды қаржыландыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, жалпыұлттық ғылыми басымдықтарды ескере отырып, бюджет арқылы өндіру шығындарының 1% мөлшерінде Ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстары жобаларын қаржыландыру жөніндегі келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын жинау мен бөлуді орталықтандыру тапсырылды. Бүгінде Үкімет осы бағытта жұмыстар жүргізуде.