Оның хабарлауынша, 2020 жылы 866 млн кВтсағ электр энергиясы экпортталды, сондай-ақ электр энергиясын өндіру секторына тартылған инвестициялар көлемі 82 млрд теңгені құрады.  


«2021 жылы 109 млрд кВтсағ электр энергиясын өндіру жоспарланған. Ал 2035 жылға қарай Қазақстанның электр энергетикалық балансын қалыптастыру көзделген. Қазіргі таңда жаңартылған энергия көздері қарқынды жұмыс істеуде. Оған манврлік қуаттар, жаңартылған энергия көздерін дамыту қажет. Сонымен қатар, «Жылумен қамту туралы» заңын әзірлеу мәселесі қолға алынды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша республикада жалпы қуаты – 1635 МВт құрайтын 115 жаңартылатын энергетика нысан жұмыс істейді. Аталған секторға шамамен $1,5 млрд инвестиция тартылып, 1310 тұрақты жұмыс орны құрылды», - деді министр. 


«Жасыл экономикаға» көшу аясында бүкіл өндірілген электр энергиясының 3% жаңартылған энергия көздерінен өндіру көзделген болатын. 2020 жылдың нәтижесі бойынша бұл меже орындалды.  


«Ағымдағы жылы жаңартылатын энергия көздерінен шамамен 3,5 млрд.кВт.сағ өндірілді. Алдағы уақытта 2025 жылы бұл көрсеткіш 6%, 2030 жылы – 15% жеткізілмек. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан 2050 жылы 50 пайыз, 2060 жылы 100 пайыз жаңартылған энергия көздеріне көшуді жоспарлап отыр. 2021 жылы жалпы қуаты 381,1 МВт болатын 23 жобаны іске асырып, шамамен $370 млн. инвестиция тарту көзделген», - деді ведомство басшысы.