Зерттеумен қамтылған жалпы аудан 18 311 шаршы км құрайды. 


Зерттеу нәтижесінде бұрынғы сынақ алаңының барлық аумағының радиоэкологиялық жағдайы анықталады. 


Семей сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына полигонның ластанған жерлерінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау жоспарлануда.