«Егер процеске келмесе немесе сотқа құжаттарды ұсынбаса, одан 20 АЕК алынады. Өндіріп алу сот талабы орындалғанға дейін бірнеше рет қолданылуы мүмкін. Татуласу мүмкіндігі мемлекеттік органдармен болатын даулар үшін жаңашылдық болды. 1 шілдеге дейін мұндай мүмкіндік болған жоқ. Өзара талаптан қайту негізінде тараптар істі татуласу, медиация туралы келісім арқылы немесе партисипативтік рәсім тәртібімен аяқтай алады. Сот шешімінің орындалуын өзі бақылайды және қамтамасыз етеді. Сот шешімінен кейін мемлекеттік орган сотқа оның шешімінің орындалғаны туралы хабарлауға міндетті. Егер мұндай хабарлама келіп түспесе, шешім орындалмаған болып саналады және сот мемлекеттік органды да, кез келген шенеунікті де, кез келген лауазымды адамды да төлеуге мәжбүр етуі мүмкін», - деді Жоғарғы соттың өкілі. 


Сонымен қатар, бірінші рет 50 АЕК, 100 АЕК дейін өсіммен айыппұл салынып, сот шешімін орындамаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту жазасы қарастырылуы ықтимал. 


Жүйе жұмыс істеуі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен 21 жаңа сот құрылды, олар 17 өңірде және Қаскелең, Семей, Жезқазған, Екібастұз қалаларында орналасқан. Жоғарғы сотта және облыстық соттарда әкімшілік істер жөніндегі алқалар құрылады. 179 судья мемлекет ішінде қайта бөлінді. Судьялар қауымдастығын күшейту мақсатында корпоративтік заң секторының кадрлары, жоғары сыныпты мамандар тартылды.