Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша өңірде экономиканың негізгі салаларында өсім байқалады.  


«Өнеркәсіпте - 9,7%, соның ішінде өңдеу өнеркәсібінде - 14,6%, ауыл шаруашылығында – 2,1%, негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 8,8% артты. Құрылыста өсім 29,16%, тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша 20,3% құрады. Бөлшек сауда 1,9% ұлғайды. Инфляция 3,3% құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 0,12 % төмен. Жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 860 млрд теңгенің өнімін өндірді. Айтарлықтай өсім индустрияландыру жылдарында инвестициялық жобаларды іске асырған кәсіпорындардың арқасында мүмкін болып отыр», - деді облыс әкімі. 


Оның айтуынша, жалпы өсу резервтері ретінде алдағы жылдарға арналған шамамен 6200 жұмыс орны ашылатын құны 2 трлн теңгелік 80 жобалық тізім қалыптастырылды. Олар экономиканың индустриялық секторын дамытуға және өнеркәсіптік өндіріс көлемінің айтарлықтай өсуіне ықпал етеді.