«Жұмыс жалғасады, 200 шақырымға жуық жергілікті маңызы бар автожолдар мен 100-ден астам елді мекендер көшелерін жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарлануда. Ағымдағы жылы ірі жоба – «Қостанай қаласына кіреберіс» автожолындағы көпір құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, «Әулиекөл-Жалдама» облыстық маңызы бар автожол учаскелерін орташа жөндеуді аяқтау көзделген. Облыстық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесіне, аудандық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесіне орташа жөндеу жүргізіледі. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 78%-ды құрайды», - деп атап өтті өңір басшысы.