Тоқ ішек пен тік ішек қатерлі ісігін анықтауда скринингтің рөлі өте маңызды. «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы» көпбейінді хирургия орталығының аға ординаторы, жоғары біліктілік санаттағы онкохирург, «Болашақ» стипендиясының иегері/түлегі Алтай Керімқұловтың айтуынша, скрининг осы ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
«Скрининг рак алды ауруларды, яғни қатерлі емес ісіктерді уақытылы анықтап, оларды алып тастап немесе өлшемі үлкен болса, сол мезетте науқасты онкологқа жіберіп, емін анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы Қазақстанда қазіргі кезде тоқ ішек пен тік ішек скринингі бойынша жағдай өте жақсы дамыған. Ол барлық өңірлерде қолжетімді және тегін», - деді спикер.
Жасы 50-ден асқан азаматтар тіркелген емханасына барып, скринингтен өте алады.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!