«2011 жылы енгізілген скрининг қатерлі ісік патологиясын анықтауға ғана емес, сонымен қатар қатерлі ісікке дейінгі, соның ішінде ішектің қабыну ауруларын анықтауға арналған. Сондықтан эндоскопиялық зерттеулерден өткен пациенттердің көпшілігін біз гастроэнтерологтарға, колопроктологтарға жібереміз. Мұның айтарлықтай әсері бар, өйткені ауру ерте анықталады. ТМД елдері арасында Қазақстан алғашқылардың бірі болып барлық тұрғындар үшін тегін скрининг енгізгенін мақтан етемін. Бізге қарағанда, Ресейде бұл скрининг әлі күнге дейін Ұлттық бағдарламада жоқ. Жекелеген облыстарда пилоттық жоба ретінде бар. Украина өткен жылы ғана қолға алды және олар мұны үлкен жетістік деп санайды. Біздің эндоскописттеріміз көп адамның өмірін сақтап қалды», - деді сарапшы.