«Біз бұдан да артық лицензия алатын, көбірек ұпай жинайтын көп жарысты өткізіп алдық. Жеңіл атлетикада ел намысын қорғау үшін барынша көп лицензия алу үшін еңбек еттік. Токиода жоғары нәтижелер көрсетіп, еліміздің туын асқақтатамыз деп ойлаймын. Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін! Токиодағы қатаң шектеулер жағдайы жарыстарға қалай әсер ететіні бәрімізді де алаңдатады. Бірақ, біз, спортшылар, бір-бірімізді қолдап, қатаң шектеулерге қарамастан, әркім өз жарысына психологиялық тұрғыдан дайындала алады және лайықты өнер көрсетеді деп үміттенемін», - деді Ту ұстаушы.