Спорттық іс-шаралар барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады.  


«Көкпардан «Федерация кубогі» турнирі алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен 13 команда қатысуда. Алдағы уақытта да турнир өз жалғасын табады деген сенімдеміз. Сонымен қатар, өнер адамдары арасындағы «Өнер көкпары» республикалық турнирі былтырдан бері қолға алынып отыр. Ал бәйге түрлерінен «Елбасы кубогі» жарысына еліміздің өңірлерінен 100-ден астам сәйгүлік қатыспақ. Биылғы бәйгенің ерекшелігі – бағдарламаға алғаш рет «Қазақтың қазанаты» саналатын Қостанай тұқымды жылқылар жарысының өткізілуі. 9 шақырымдық құнан бәйге, 16 шақырымдық кіші аламан, 25 шақырымдық аламан бәйгемен бірге 23 шақырымдық Қостанай жылқысының бәсекесін тамашалайтын боласыздар», - деді Ұлттық спорт қауымдастығының президенті .  

   
Бәйгеден турнирдің жалпы жүлде қоры 21 млн теңгені құрады. 


Ұлттық спорт жарыстарын ұйымдастырушы - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы.