«Бұл үшін біз перспективалы инвестициялық жобаларды жүзеге асырамыз. 13 мың басқа арналған екі бордақылау алаңының құрылысы жүргізілуде. Барлығы 6 мал бордақылау алаңы салынады. Жылына 6 мың тонна бройлер етін өндіретін 2 құс фабрикасы салына бастады. Осылайша, біз өңірдің құс етіне деген қажеттілігін толығымен жабамыз. Сондай-ақ, тағы бір маңызды жоба — жалпы ауданы 3,7 га болатын жылыжай кешенінің құрылысы, қазір облыс тұрғындары жыл сайын 13 мың тоннадан астам қияр мен қызанақты тұтынады. Жаңа жылыжай кешенінде жылына 2,8 мың тонна қияр мен қызанақ өсіріледі. Бұл облыстың барлық қажеттілігінің 20%-ын құрайды. Солтүстік Қазақстан үшін бұл әсіресе қыс мезгілінде аса маңызды»,- деп атап өтті аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.