«Ламинатталған фанера өндіретін комбинат, жұмсақ контейнерлер шығаратын фабрика, изотермиялық термос вагондар зауыты іске қосылды. Өткен баспасөз мәслихатында бұл жобалар тек слайдтарда болды, ал қазір бұл зауыттар аймақтың экономикасына пайдалы.«ЗИКСТО» зауыты «Қазақстан Темір Жолы» үшін 2 мың платформалық вагон құрастыру бойынша тапсырысты орындайды, бұл еліміздің вагон паркін 25%-ға жаңартуға мүмкіндік береді.«Құл инфинити» инвесторлары термос вагондарды құрастырумен қатар, өнімнің жаңа түрін игеруде. Вагон-рефрижератордың тәжірибелік үлгісі шығарылды. Облыс орталығында қағаз шығаратын фабриканың құрылысы басталды. Жылына 5 мың тонна өнім шығаратын болады, ол қазір сырттан әкелінеді. Статистика көрсетіп отырғандай, 2020 жылы 8,3 мың тонна қағаз өнімдері импортталды. Жаңа жоба импортқа тәуелділікті азайтады. Жалпы, кешенді жоспар аясында өнеркәсіп саласында 10 жаңа кәсіпорын пайда болады. Сонымен қатар, біз экологиялық таза өндіріске бағыт аламыз. Тағы бір қағаз өнімдерін шығаратын зауытты іске қосатын инвесторлармен келістік. Әлемде тренд жүріп жатыр: полиэтиленнен біртіндеп кету және табиғатқа зиян келтірмейтін экологиялық таза компоненттерден қағаз шығаруға көшу. Күзде құрылыс салушыларды жергілікті құрылыс материалдарымен қамтамасыз ететін жаңа кірпіш зауытын іске қосамыз», - деп атап өтті өңір басшысы. 


Жалпы, кешенді жоспар аясында өнеркәсіп саласында 10 жаңа кәсіпорын пайда болады. Сондай-ақ, биыл «Qyzyjlar»  арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылған 3 жобаның арқасында Солтүстік Қазақстан өнеркәсібі жаңа деңгейге шығады. Бүгінгі таңда СҚО-да инвестиция көлемі 1,8 трлн теңге болатын 75 жобадан тұратын пул құрылды.