«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы» 2016 жылы Тұңғыш Президент – Н. Назарбаевтың бес институционалды реформасын жүзеге асыру туралы 100 нақты қадам Ұлт жоспарын орындау мақсатында құрылды. Көпшілік бізді халыққа қызмет көрсету орталықтарына жауапты мекеме ретінде таниды. Алайда одан бөлек жер кадастры, жылжымайтын мүлік, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыны есептеу, заңды тұлғаларды тіркеу сияқты бағыттарымыз бар. Корпорация мемлекеттік реестрдегі 659 қызмет түрін көрсетеді. Бес жыл ішінде қазақстандықтарға 150 миллионнан астам қызмет көрсетілді», - деді басқарма төрағасы.  

 
Бүгінде мемлекеттік корпорация құрамында 22 мың маман қызмет етеді. Ел бойынша облыстар мен Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында барлығы 17 филиал бар. Ауыл-аудандарды қамтитын 339 халыққа қызмет көрсету орталығы, жылжымайтын мүлік пен жер кадастры, әлеуметтік төлемдер бойынша барлығы 442 бэк-офис ашылған. Оған қоса ауылдарға баратын 69 мобильді ХҚКО жұмыс істейді.